Ұлттық кітапханада «Шандор Петөфи» атты көрме ашылды

Бүгін ҚР Ұлттық кітапханасында әйгілі венгр ақыны Шандор Петёфидің туғанына 200 жыл толуына орай «Шандор Петөфи» атты көрме ашылды.
Іс-шара барысында белгілі ақын Қадыр Мырза Әлидің қазақ тіліне аударған Шандор Петёфидің «Махаббат пен бостандық» («Любовь и Свобода») өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті. Жаңа басылым қазақ-венгр мәдени байланыстары үшін маңызды оқиға болып табылады.
ҚР Ұлттық кітапханасында «Әлем таныған Петөфи / Petöfi around the World» көрмесі 2023 жылдың 15 қарашасына дейін жалғасады.
Шандор Петёфи (1823-1849) – венгр тарихы мен мәдениетіне үлкен үлес қосқан әйгілі венгрлік ақын. Оның шығармалары венгр әдебиетінің дамуына үлкен әсер етті.
Айта кетейік, өткен аптада Астанада венгр ақынының атындағы көше ашылды.
