Жаңалықтар

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығынан шу шықты – Қазыбек Иса

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығынан шу шықты – Қазыбек Иса
Фото: t.me/mazhilis_kz 26.04.2023 12:46 1320

Мәдениет министрлігінің Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығынан шу шықты. Бұл туралы депутат Қазыбек Иса айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Кино орталығынан шыққан  бұл «киноңыздың» қасында небір детективті фильмдеріңіз жолда қалады. Өйткені, ұлттық киноны қолдау  орталығы 2023 жылғы мемлекеттік қаржылық қолдауға үміткер 153 киножобаны конкурстық іріктеуге қатыстырмай, құжаттарын қабылдамай тастады. 283 жобадан қабылдағаны тек 130-ы ғана. Сонда 60 пайызға жуығын далада қалдырды, - дейді Қазыбек Иса.

Ол бұл бұрын-соңды болмаған эксцесс деп отыр.  Бұған дейін 2019-2022 жылдары орталыққа келіп түскен киножобалардың 1-5 пайызы қабылданбаса, биыл жартысынан көбін негізсіз өтбей қалған.  

Яғни, 153 жоба жобаларды іріктейтін сарапшылар кеңесіне жете алмай жолда қалып отыр.  Батыраштың балтасына ұшыраған бір емес, 153 жоба өндіріске жіберілер болса,  әрқайсысында кемінде 30-60 адам жұмыспен қамтылатынын ескерсек, бұл 5-10 мың адамның тағдыры. Ерекше назар аударатынымыз, бұл  жүздеген жобаның ішінде былтыр Сарапшылар кеңесі «Ең үздік сценарий» деп бағалаған режиссер Азамат Шарғынның «Шырмауық» фильміндей жобалар да қалып жатыр, - дейді депутат.

Ол министрлік тоқтау салып, әділеттілік орнатпаса, Ұлттық киноны қолдау орталығы осылай ұлттық киноны қорлау орталығына айналып кетпей ме? Бұл Мәдениетті қолдауға баса назар аударып отырған Президент Тоқаевтың әділетті қазақстан саясатына қарсы жасалып отырған саботаж деуге болады деп айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға