Жаңалықтар

Ұлттық фильмдерге іріктеу ережесі өзгерді

Ұлттық фильмдерге іріктеу ережесі өзгерді
Фото: Ұлттық кино орталығы 05.04.2024 11:05 686

Мәдениет және ақпарат министрлігі биыл қаржыландырылатын ұлттық фильмдердің іріктеу ережесіне өзгерістер енгізді. Жаңа өзгерістер қамтылған бұйрық 2024 жылдың 12 сәуірінен бастап күшіне енеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Киножобаларды іріктеу екі кезеңде жүзеге асады. Бірінші кезең – фильмдердің сценарийін (ойын және анимациялық фильмдер үшін) немесе сценарий жоспарларын (деректі және хроникалы фильмдер үшін) қарау.

Екінші кезеңде тақырыптық жоспарға сай келетін, Ұлттық кино орталығы жанындағы Сараптама кеңесі іріктеген жобалардың құжаттарын жинақтау жүзеге асырылады. Құжаттарды тапсырғаннан кейін үміткерлерге анықталған қателерді түзетуге 3 күн уақыт беріледі.

Кино орталығы құжат қабылдау аяқталғаннан кейін талаптарға сай келетін өтініш берушілердің құжатын сараптама кеңесінің қарауына жібереді. Содан кейін киножобалардың ашық қорғау (питчинг) күні белгіленіп, үміткерлерге питчингті өткізу уақыты қосымша хабарланады. Питчинг ашық форматта өткізіледі және сараптама кеңесі әр категория бойынша әділ шешім шығаруға ықпал етеді.

Орталық сараптама кеңесінің қорытындысын ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізеді.

Конкурстың барлық кезеңдеріне қатысты ақпараттар орталықтың интернет-ресурсында және әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарында қолжетімді болады. Бұл шаралар мемлекеттік қолдауға ие болатын киножобаларды іріктеудегі ашықтықты қамтамасыз етпек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға