Ұлттық экономика министрі лауазымынан босатылды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Нұрлан Байбазаров бұл қызметке 2024 жылдың ақпан айында тағайындалған еді.
Нұрлан Байбазаров 1975 жылы туған.
Білімі:
1997 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Банк ісін ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын 1997 жылы ҚР Қаржы министрлігінің Бюджет департаментінде бастаған.
2004-2011 жылдары - «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да басқарма бастығынан бастап басқарушы директорға дейін әртүрлі лауазымдарды атқарды.
2013-2016 жылдары - ҚР Ұлттық экономика министрлігінде Экономика салаларын дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды.
2016 жылдан 2022 жылғы қарашаға дейін - «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және Басқарма төрағасы болды.
2022 жылғы 16 қараша - «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы еболып тағайындалды.
2023 жылдың 5 қазанында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ холдингі басшысы болып тағайындалды.