Жаңалықтар

Ұлттық экономика министрі халықаралық валюта қорының басшысымен кездесті

Ұлттық экономика министрі халықаралық валюта қорының басшысымен кездесті
Фото: ҰЭМ баспасөз қызметі 23.07.2023 12:53 1024

Вашингтонға жұмыс сапары барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров фискалдық саясатты іске асырудың, құрылымдық реформаларды жүргізудің, экономиканы әртараптандырудың, сондай-ақ көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін «жасыл» инвестицияларды тартудың өзекті мәселелерін талқылау үшін ХВҚ басқарушы директорының орынбасары Бо Лимен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бо Ли мырза ағымдағы сын-қатерлер мен өткен бірнеше жылда байқалған көптеген күйзелістерді ескере отырып, ҚР Үкіметінің Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі еңбегін жоғары бағалады.

Сондай-ақ, ол ресми ашылуы ағымдағы жылдың маусым айында Басқарушы директор Кристалина Георгиеваның қатысуымен өткен Алматы қаласында ХВҚ Өңірлік орталығын орналастырғаны үшін Қазақстанға алғысын білдірді.

Өз кезегінде, ҚР Ұлттық экономика министрі Бо Ли мырзаны теңгенің 30 жылдығын мерекелеу құрметіне өтетін алдағы Қаржыгерлер конгресіне қатысуға шақырды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық айтылған мәселелер бойынша белсенді өзара іс-қимылды қолдауға келісті.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға