Жаңалықтар

Ұлттық Банкі жаңа алаяқтық схема туралы ескертті

Ұлттық Банкі жаңа алаяқтық схема туралы ескертті
Фото: ©El.kz 29.09.2023 20:50 774

Қаскөйлер түрлі сайттар мен мобильді қосымшаларды қолдан жасап, Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсының интерфейсін көшіріп жүр, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ лауазымды тұлғалардың суретін пайдаланады.

Бұдан бөлек, Қазақстан Ұлттық Банкі жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейтінін және телефон, электрондық пошта немесе өзге де коммуникация құралдары арқылы жеке мәліметтерді сұратпайтынын еске саламыз.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Ұлттық Банк қаражатты қайтарып беру туралы ақпаратты ұсынушы сайттарда алаяқтық әрекеттің айқын белгілері бар екенін қаперге алуыңызды сұрайды. Өйткені: Ұлттық Банк жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейді, жеке тұлғалармен ақшалай есеп айырысулар мен мәмілелер жүргізбейді, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Ұлттық Банк мобильді қосымшаларды орнатпауға, дербес деректерді жария етпеуге, ұялы телефонға қашықтан қол жеткізуге мүмкіндік бермеуге және телефонмен әңгіме барысында бейтаныс адамның нұсқауымен қандай да бір қаражатты өзге бір үшінші тұлғаның шотына аудармауға үндейді.

Егер сіз немесе танысыңыз осындай қаскөйлердің арбауына тап болса, алаяқтық фактісі бойынша іс қозғау үшін құқық қорғау органына жүгінген дұрыс.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға