Ұлттық банк доллар мен рубльдің 14 ақпандағы ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Атап айтқанда, 1 доллардың құны – 452, 43 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы - 6,14 теңге.
13 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,51 теңгеге қымбаттап, 452, 33 теңге болған.
Ресей валютасы 6,16 теңге болды.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 452 – 455 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар 451,5– 456 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 6,05 – 6,3 теңгеге сатып алуға болады.
Астанада көрші ел валютасы 6,1-6,16 теңгеден саудаланып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты