Жаңалықтар

Ұлттық банк төрағасы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету туралы айтты

Ұлттық банк төрағасы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету туралы айтты
Фото: t.me/KZgovernment 28.01.2025 12:22 421

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қаржы нарығы агенттігімен бірлесіп қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық банк президент тапсырмасымен мынадай шараларды қабылдамақ.

Орта мерзімді кезеңде 5 проценттік тарифке жету үшін теңгерімді ақша-кредит саясатын жүргізуді жалғастырамыз. Инфляцияны тұрақтандыруға, халықтың әл-ауқатын сақтауға жағдай жасайтыны түсінікті. Ал бизнес үшін төмен инфляция инвестициялық жағдайға оң әсер етеді және нарықтық ставкаларды түсіруге, макроэкономикалық теңдікті арттыруға мүмкіндік береді, – деді Сүлейменов.

Ұлттық банк төрағасы нарықтағы ақша процесін басқару тиімділігін арттыру үшін банктерге тиесілі минималдық резервтік талаптарды белсенді түрде қолдана алатынын жеткізді.

Бұдан өзге айырбас бағамының және инвестициялық тартымды валюталық режимін сақтай отырып, валюта нарығының теңгерімділігін қамтамасыз етуге күш салынбақ.

Сондай-ақ Тимур Сүлейменов еліміздің резервтері мен қорларын тиімді басқаруды жалғастырып, бірыңғай зейнетақы қоры мен Ұлттық қорды басқаруды жетілдіретінін атап өтті.

Табысы жоғары активтердің үлесін арттырып, инвестицияларымызды тараптандыру жұмысын жалғастырамыз, – деді ол.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, Қаржы нарығы агенттігімен бірлесіп қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізілмек.

Нақты секторды қаржыландыру үшін зейнетақы қоры мен Ұлттық қордың қаржысын тиімді әрі теңгерімді пайдалану мақсатында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңартуды қаржыландыру қорлардың қаражатымен қоса екінші деңгейлі банктің қаражатының тартылуын қамтамасыз ету жолындағы жұмыс басталады. Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымы банк жүйесін қатыстыра отырып, оны ары қарай дамытамыз. Оның құқықтық мәртебесін де заңнамалық тұрғыдан бекітіп, цифрлық теңге жобасын қолдану ауқымын кеңейтеміз, – деді Тимур Сүлейменов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға