Жаңалықтар

Ұлттық банк теңгенің нығаюына әсер еткен факторларды атады

Ұлттық банк теңгенің нығаюына әсер еткен факторларды атады
Фото: pixabay 10.03.2023 13:26 1262
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова ақпан айында теңгенің нығаюына қандай жағдай әсер еткенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
"Біріншіден, мұндай динамика ірі салық төлемдерінің маусымдылығына байланысты күтілді, себебі, ақпанның екінші жартысы "үлкен" салық аптасы болды", – деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова

Ұлттық банк өкілінің сөзінше, еркін өзгермелі бағамға көшу басталғаннан бері ақпанның соңғы екі аптасы теңге үшін оң болды. Ерекшеленген жалғыз жағдай – пандемия мен геосаясаттың бұрын-соңды болмаған сыртқы күтпеген өзгерістері басым болуына байланысты болған 2020 және 2022 жылдар.

"Екіншіден, ақпан ішінде валюта нарығында позитив жеткілікті болды – ірі тоқсандық салық апталығынан басқа, біз Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарына бейрезиденттердің ағынын байқадық", – дейді Әлия Молдабекова

Оның айтуынша, валюта нарығына квазимемлекеттік компаниялардың сатылымы да қолдау көрсетті, ақпанда олардың көлемі 295 млн АҚШ долларына тең болды.

"Бюджетке трансфертті қамтамасыз ету аясында Ұлттық қордан сату 590 млн АҚШ долларына тең болды, бұл ретте бір сауда күні ішінде сату көлемі 30 млн АҚШ долларынан аспады. Зейнетақы активтерінің валюталық үлесін қолдау аясында БЖЗҚ 226 млн АҚШ долларын сатып алды", – деді Ұлттық банк өкілі.
 
 
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға