Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
20.06.2023 11:15
800
Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Атап айтқанда, 1 доллар құны – 447,15 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,33 теңге.
19 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,29 теңгеге төмендеп, 447,37 теңге болған. Ресей валютасы 5,32 теңге болды.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 447–451 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 447,5–450,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,19–5,43 теңгеге сатып алуға болады. Астанада көрші ел валютасы 5,26–5,36 теңгеден саудаланып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан мен Германия президенттері келіссөз жүргізді
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты