Жаңалықтар

Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі

Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі
Фото: © iStock 05.05.2023 09:49 710

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 5 мамырға арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 445,29 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,69 теңге.

4 мамыр кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,50 теңгеге қымбаттап, 445,24 теңге, ал Ресей валютасы 5,62 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 444 - 448 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 444 - 447,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,55 - 5,8 теңгеге сатып алуға болады. Астанада көрші ел валютасы 5,53 - 5,63 теңгеден саудаланып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға