Жаңалықтар

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені бекітті

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені бекітті
Фото: El.kz 07.04.2023 12:21 3759

Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады,деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кейбір елдерде инфляцияның баяулауына қарамастан жаһандық инфляцияның қысымы әлі де жоғары болып тұр.

Қазақстанда жылдық және айлық инфляция, біз күткендей, наурыз айында төмендегенін көрсетті.

Инфляциялық процестердің баяулай бастағанына қарамастан, инфляцияның орнықты және тұрақты төмендеу тренді туралы айтуға әлі ерте.

Тұрақсыз инфляциялық күтулер, мемлекеттік шығыстардың ұлғаюы, жанар-жағармай және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық нарығында уақыты келген реформалар түріндегі проинфляциялық факторлар сақталып және іске асырыла бастады.

Факторлардың жиынтық балансы ортамерзімді келешекте инфляцияны төмендету үшін 2023 жылдың бірінші жартысында базалық мөлшерлемені қазіргі деңгейде ұстап тұру қажеттігі туралы бұрынғы коммуникацияны қолдап отыр.

Базалық мөлшерлеме бойынша бұдан кейінгі шешімдер 2023 жылғы мамырдағы жаңартылған болжамда жаңа деректерге, оның ішінде, жанар-жағармай мен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық нарығындағы реформалардың параметріне байланысты болады.

Инфляция баяулай бастады және болжам траекториясына сәйкес келеді. 2023 жылдың наурыз айында жылдық инфляция өткен жылғы жоғары базаның есептен шығуынан күтілгендей 18,1%-ға дейін төмендеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға