Ұлттық мәдениет, ұлттық сана, ұлттық рух басты құндылықтарымыз
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Сейітқали Шалабаев
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының өзегі - ұлттық мәдениет, ұлттық сана, ұлттық рух. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Сейітқали Шалабаев Елбасының мақаласына орай осындай пікірін білдірді.
«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіздің БАҚ-та жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақалаңызда қозғалған озық ойларыңыз бен жаңашыл көзқарастарыңызды, жас ұрпақты тәрбиелеп отырған Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі ұжымы бірауыздан қолдайды. Ұлттық мәдениет, ұлттық сана, ұлттық рух ең басты құндылықтарымыз. Осы мақалаға өзек болған ел болашағы, ұлт тағдыры, сондай-ақ жас ұрпақ үшін аса маңызды істерді жүзеге асыруға және ұлттық құндылықтармен сусындаған саналы ұрпақты тәрбиелеуге өз үлесімізді қосамыз деп сенім білдіреміз!», - дейді Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Сейітқали Шалабаев.
