Жаңалықтар

Ұлттық комиссияның екінші отырысы өтті

«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы
Ұлттық комиссияның екінші отырысы өтті
26.05.2017 14:57 4610

26 мамырда Ақордада ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ә.Жақсыбековтің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның екінші отырысы өтті

Комиссия мүшелері «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру ауқымында орталық және жергілікті мемлекеттік органдар атқарған жұмыстардың нәтижелерін талқылады. Соның ішінде, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының, Алматы қаласы мен Қарағанды облысы әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.

Сондай-ақ, атқарылған жұмыстың негізгі нәтижелері, тұжырымдамалық ұстанымдар және одан әрі қызметті ұйымдастырудың нақты шаралары аясында, латын қарпіне көшу, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобалары бойынша, жұмыс топтарының жетекшілері есеп берді.

Талқылау барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, оның ішінде арнайы жобаларды жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстар тұжырымдалды.

Отырысқа қатысушылар бағдарламадағы міндеттерді тиімді іске асыру үшін жобалық ұстанымды енгізудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, Ұлттық комиссия мүшелеріне «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша әзірленген әдістемелік материалдар, соның ішінде БАҚ-қа арналған әдістемелік құрал, жоғары оқу орындарына арналған әдістемелік ұсынымдар, ақпараттық-түсіндіру жұмысы бойынша құрал, Бағдарлама туралы маңызды сұрақтардың 20 жауабы ұсынылды.

Отырыс қорытындысы бойынша шешімдер қабылданып, мемлекеттік органдар мен жұмыс топтарының жетекшілеріне тапсырмалар берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға