Ұлттар лигасы: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
![Ұлттар лигасы: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды Ұлттар лигасы: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды](/storage/storage/element/2023/05/03/mainphoto/48275/1200xauto_CiyTGAkHW1Ox6u8whyxYMmF2U3uVMRhAmzjBw0ll.jpg)
Фото: kff.kz
Фото: kff.kz
03.05.2023 10:15
946
Әйелдер құрамалары арасындағы 2023/24 жылғы УЕФА Ұлттар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚФФ мәліметінше, жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы «С» лигасының 4-тобына түсті. Онда біздің қыздар Израиль, Эстония және Армения құрамаларымен кездеседі.
Еске сала кетейік, УЕФА Ұлттар лигасының матчтары 20 қыркүйекте басталып, 5 желтоқсанға дейін жалғасады.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)