Жаңалықтар

Ұлт пен ұлысты ұйыстырған Атамекен

«Атамекен» әнін өзге тілде тыңдап көрдіңіз бе? 
Ұлт пен ұлысты ұйыстырған Атамекен
28.04.2018 17:48 5295

1 мамыр – Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні мерекесіне орайласытырып, El.kz интернет жобасы әйгілі композитор Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін бірнеше тілге аударды. Жүрекке мақтаныш сезімін ұялатып, рухтандыратын патриоттық туындыны өзге тілдерде де шырқатып көрді. «Атамекен» әнінің сөзін Қадыр Мырза Әлі, әнін Ескендір Хасанғалиев жазған.

Әнді орындауға атсалысқан «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығына, Астана қаласының өзбек этно-мәдени орталығына, «Қырғызстан-Астана» мәдени орталығына, әнші, сазгер Халық Ризабекке, журналист Аманбек Мағзұмхан мен «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Алексей Лодчниковқа алғыс білдіреміз.

Бейнетүсірілімге YouTube каналында Ербол Ақпановтың «Атамекен» әніне түсірілген бірқатар кадрлары пайдаланылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға