Жаңалықтар

Ұлт тұлғалары ұлықталды

Ұлт тұлғалары ұлықталды
Фото: брифингтен алынған кадр 09.03.2023 15:46 1009

Бұл туралы Астана қаласы Коммуникациялар Қызметінің» баспасөз орталығындағы брифингте Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Брифинг «Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының өткен жылғы атқарған жұмысы және осы жылға арналған жоспарлары туралы» тақырыбында арналды.

Бүгінгі таңда спикердің айтуынша, Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасында 15 қызметкер жұмыс істейді. Басқармада Тіл саясатын үйлестіру, Ономастика және әдістемелік жұмыстар, Архив ісі және Ұйымдастыру жұмыстары бөлімдері бар.

«Мерейтойлық даталар, атаулы күндер бойынша былтырғы жылы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы халықаралық деңгейде аталып өтті. Мерейтойдың ең алғашқы шарасы Астана қаласында өтті.  Өткен жылы 24 ақпан күні «Қаламгерлер» аллеясында қайраткерлерімізге гүл шоқтары қойылды. Үлкен халықаралық деңгейде конференция өтті.  Мемлекеттік кеңесші мен бірқатар мәртебелі қонақтар және шетелден танымал ғалымдар келді. Келелі басқосу болды», дейді Сәкен Есіркеп.

Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысының айтуынша жыл бойы Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойын үйлестіру аталған басқарманың негізгі міндеттерінің бірі болған.

Сонымен қатар  Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы елімізге белгілі ғалымдардың басын қосып,  Ахмет Байтұрсынұлының туған жеріне ғылыми экспедиция ұйымдастырылыпты.

­«Өткен жылы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы, Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдығы, Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдығы болды. Осы мерейтойларға байланысты біз көсемсөз шеберлерінің байқауын және ақындар мүшайрасын өткіздік. Елордада №48 мектеп лицейінде Ахмет Байтұрсынұлының мұражайы ашылды. Өткен жылы жыр алабы Жамбыл Жабаевтың да 175 жылдығы болды. Осыған байланысты жас ақындардың арасында қалалық онлайн байқау және рухани танымдық онлайн шаралар өткіздік. Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы, Қошке Кемеңгерұлының 125 жылдығы, Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы өтті. Роза Бағланованың 100 жылдығына орай арнайы көше және №2  балалар музыкалық мектебіне Роза апамыздың  есімі берілді. Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына орай №86 мектепке Мұхтар Әуезовтың есімі берілді. Сонымен қатар Талғат Бигельдиновтың 100 жылдығы болды. Осыған орай елордамызда бір мектепке есімін беру жұмыстары жалғастырылып жатыр» деді Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға