Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қар көшкіні жүруі мүмкін

Фото: vsegda-pomnim.com
Фото: vsegda-pomnim.com
05.03.2023 18:55
2158
Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейнінде қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Қазгидрометтің № 5 дауылды ескерту негізінде 5-7 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар көшкіні болуы мүмкін екенін хабарлайды.
Осыған байланысты қар басқан беткейлерге шығу ұсынылмайды, мүмкіндік болса тауларға барудан бас тартқан дұрыс.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Елімізде ипотека мен тұтынушы қарызын алғандар саны өсуде
Келесі жаңалық
Қостанай облысы бірнеше көлік қар құрсауында қалды