Жаңалықтар

Ұландықтар Павлодарда өртенген автокөлікті сөндірді

Ұландықтар Павлодарда өртенген автокөлікті сөндірді
Фото: Ұлттық ұлан 20.04.2025 12:49 119

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5512 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қала қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде Сағадат Нұрмағамбетов көшесінде жанып жатқан Volkswagen Golf маркалы автокөлікті байқады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әскери жасақтың бастығы қатардағы жауынгер Ернұр Аманқұл оқиға туралы дереу әскери жасақтар бойынша кезекшіге хабарлап, 101 шұғыл қызметін шақырды. Ол көлікті қауіпсіз жерге сүйреп апарып, өрт сөндіргіштің көмегімен өртті жойды. Өрт құтқарушылар келгенге дейін сөндірілді.

Жүргізуші абдырап қалған сияқты. Ол жалынға оранған көліктің алдында не істерін білмей тұрды. Мен өрт сөндіргішті жүк салғыштан шығарып, жалынды тоқтатуды бастадым. Содан кейін мен аккумуляторды шешіп алдым. Біз өтіп бара жатқан адамдардың ешқайсысы зардап шекпеуі үшін өрт аумағын қоршадық, — деді әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Ернұр Аманқұл.🚨

Өрт сөндірушілер келгенге дейін ұландықтар жалынмен сәтті күресті. Зардап шеккендер жоқ. Әскери қызметшілердің жедел әрекеттерінің арқасында сын-қатерлердің алдын алуға мүмкіндік туды.

Жүргізуші ұландықтарға жедел көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға