Ұландықтар есірткі тасушыны ұстады

Фото: Ұлттық ұлан
Фото: Ұлттық ұлан
25.03.2025 14:06
222
Жаңаөзен қаласында полиция қызметкерлері Ұлттық ұланның жауынгерлерімен бірге қолында тыйым салынған заттары бар адамды ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көктем шағын ауданындағы үйлердің бірінің жанында құқық қорғау қызметкерлері күдікті азаматты тоқтатқан. Тексеру барысында оның қалтасынан белгісіз ақ ұнтақ табылған.
Біз күдіктіні тоқтатқан кезде ол өзін күмәнді ұстады. Жеке тексеру кезінде ұсталған адамнан ақ түсті ұнтақ тәрізді заты бар 15 орам табылды, - деп атап өтті әскери жасақ бастығы Оңғарсын Ақмұратов.
Ұсталған адамның бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Аймақтардағы ірі су қоймаларынан су жіберу басталды