Жаңалықтар

Ұлан ауданындағы табиғи өрт толық оқшауланды

Ұлан ауданындағы табиғи өрт толық оқшауланды
Фото: Видеодан кадр 06.07.2023 17:54 1028
Шығыс Қазақстан облысыда бірнеше күннен бері жанып жатқан табиғи өрт оқшауланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта облыстағы Ұлан ауданының Асубұлақ орман шаруашылығы аумағындағы шамамен 20 га алаңда тауларда болған өрт сағат 15:10-да толық оқшауланған. Бұл аймақтағы отпен күресте авиация айтарлықтай көмек көрсете алды. 
"Қазавиақұтқару" АҚ МИ-8 тікұшақтары, Қорғаныс министрлігінің МИ-171 және ШҚО әуе бөлімшелерінің МИ-8 ұшақтары ауадан өртті сөндірді, барлығы 125 су шашылды, деп жазылған өрт туралы хабарламада.
Табиғи өртті жоюға барлығы 250-ден астам адам, 34 бірлік техника, 5 тікұшақ жұмылдырылған. 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға