Жаңалықтар

Украинаның атақты боксшысы қайтадан соғысып жүр

Украинаның атақты боксшысы қайтадан соғысып жүр
Фото: instagram.com/illich_illich_illich 28.04.2023 16:05 750

Олимпиада чемпионы, WBA, WBO, IBO және IBF тұжырымдары бойынша аса ауыр салмақтағы Украина боксшысы Александр Усик қолына қайта қару алып, майданның алғы шебінде жүр. Оның Ресей әскеріне қарата оқ жаудырған кезде түскен видеосы жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Былтыр Ресей Украинаның Киев қаласына басып кіргенде былғары қолғап шебері Александр Усикпен оның әріптесі Василий Ломаченко жауынгерлер қатарын толықтырды.

Одан кейін Усик WBA, WBO, IBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын қорғау үшін қарулы күштерден сұранып, Ұлыбритания боксшысы Энтони Джошуамен қолғап түйістіріп, оны екінші рет жеңгді. Бұл жекпе-жек былтыр 20 тамызда Сауд Арабиясының Джидда қаласында өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға