Жаңалықтар

Украинадағы қазақстандықтардың саны нақтыланып жатыр – СІМ

Бұл туралы СІМ ресми өкілі мәлім етті
Украинадағы қазақстандықтардың саны нақтыланып жатыр – СІМ
Фото: sputnik.kz 11.10.2022 14:40 986

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қазір Украинада жүрген Қазақстан азаматтарының саны нақтыланып жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz

«Қазір Украинада жүрген Қазақстан азаматтарының санын тексеріп жатырмыз. Соңғы оқиғаларға байланысты ол елдегі ҚР азаматтарының саны азайған. Кеше Украинадағы біздің елшілік көмек көрсету бойынша тиісті мәлімдеме жасады. Бастапқы эвакуация кезінде көбісі ол елден кетіп қалған еді. Олардың кейбірі қайтадан баруы мүмкін. Сондықтан қазір нақты санын айта алмаймын», - деді СІМ өкілі.

СІМ ресми өкілі Украинадағы Қазақстан елшілігі жұмысын жалғастырып жатқанын, күн тәртібінде елшілікті жабу емес, ондағы қызметкерлерді эвакуациялау мәселесі қарастырылып жатқанын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға