Жаңалықтар

Украинада қазір 300-ге жуық Қазақстан азаматы болуы мүмкін – Айбек Смадияров

Украинада қазір 300-ге жуық Қазақстан азаматы болуы мүмкін – Айбек Смадияров
Фото: Сыртқы істер министрлігі 22.11.2024 19:06 406

Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров Украинадағы жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біздің Украинадағы Елшілігіміз штаттық режимде жұмыс істеп келеді. Сыртқы істер министрлігінде әлемдегі жағдайға мониторинг жасайтын арнайы Ахуалдық орталық бар. Біздің мәліметімізге сәйкес Киевтегі шетелдік дипломатиялық корпус өз жұмысын жалғастыруда және азаматтарын эвакуациялап жатқан жоқ. Қазақстандықтардан да эвакуациялау бойынша өтініштер түскен жоқ және қазіргі уақытта арнайы ұшақтарды жіберу жоспарда жоқ, - дейді Айбек Смадияров.


Ол Украинада соғыстың жалғасып жатқанына екі жылдан асты. Кетемін деген азаматтар елден шығып кеткен. Бірақ біздің есебіміз бойынша Украинада қазір 300-ге жуық Қазақстан азаматы болуы мүмкін. Нақты санын айту қиынға соғады деп отыр

Оған қарамастан, бірнеше күн бұрын біз Украинадағы қазақстандықтарға ел аумағынан кету туралы хабарлама жасадық. Қазақ дипломаттары өз жұмысын тиянақты атқарып келеді, егер отандастарымыздан өтініш түскен жағдайда оларға барлық қажет көмекті көрсетеміз. Дегенмен, жағдайдың одан әрі дамуына байланысты өз әрекетімізді жасаймыз, - деді ресми өкіл.

Айта кетейік, Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты тапсырма берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға