Украина мен Молдоваға ЕО-ға кандидат статусы берілді
О-ның 27 елінің басшылары Украина мен Молдованың еуропалық перспективасын мойындады.
24.06.2022 05:09
1451
Еуропалық кеңес Украина мен Молдоваға Еуроодақ мүшелігіне үміткер мәртебесін берді, деп хабарлайды EL.KZ.
Брюссельде өткен ЕО-ның бірінші жұмыс сессиясында ЕО-ның 27 елінің басшылары Украина мен Молдованың еуропалық перспективасын мойындады.
– Бұл тарихи сәт. Бұл ЕО жолындағы маңызды қадам болды", - деп жазды ЕО президенті Чарльз Мишель Twitter-дегі парақшасында.
Сондай-ақ ол Грузия да бірқатар шарттарды орындағаннан кейін кандидат мәртебесін ала алатынын айтты.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қырғызстан казиноны заңдастырды
Келесі жаңалық
Ресей ғарышкерлері мен NASA астронавты Қазақстанға қонды