Украина саясаткері Ресей Қазақстанды басып алғысы келетінін айтты
Фото: instagram.com/oleksiihoncharenko
Фото: instagram.com/oleksiihoncharenko
27.04.2023 11:15
755
Украина саясаткері Алексей Гончаренко Еуропарламентте жасаған баяндамасында Қазақстан Ресей насихатынан зардап шегіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Гончаренконың айтуынша, ол Ресей Федерациясының басқыншылық саясатынан басқа елдің Украина секілді зардап шеккенін қаламайды. Қазақстанды ол еуропалық мемлекет деп атады.
Қазақстанның болашағы – оны қоршап тұрған империялардың құрбаны болу емес, Еуропа Кеңесіне мүше болу, еркін әлемге қосылу, біздің қоғамға қосылу деп білемін. Алға, Қазақстан, - деп түйіндеді Гончаренко.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда жер сілкінді
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты