Украина «бухгалтерлік қателіктен» АҚШ-тан тағы $6,2 млрд көмек алады
Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр
21.06.2023 09:04
854
Пентагонда Украинаға жіберілген қару-жарақ құны асыра бағаланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Яғни 2022 мен 2023 жылдарға есептелген қару құны 6,2 миллиард долларға артық бағаланған. Нәтижесінде артық қаражат қалып, ол енді қосымша пакеттер үшін пайдаланылады. Бұл дегеніміз жыл соңына дейін Киевке осы сомаға тағы қару-жарақ жіберіледі деген сөз.
Пентагонның баспасөз хатшысы Сабрина Сингхтың мәліметінше, «бухгалтерлік қателікке» қаржылық есепке қарудың өз құны емес, қосымша шығындары да қосылғаны себеп. Соның арқасында Украина сол $6,2 миллиардты алады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістанда 1200 тұрғын табиғи газға қосылды
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты