Жаңалықтар

Үкіметтің кейбір қаулыларының күші жойылады

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында жарияланды
Үкіметтің кейбір қаулыларының күші жойылады
Фото: gov.kz 03.11.2022 16:29 1184

Қарулы күштердің Әскери инфрақұрылым бас басқармасы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында жарияланды.

Аталған нормативтік құқықтық құжат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің әскери қызметі және тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын іске асыру үшін әзірленген.

Күші жойылды деп танылатындар:

1) «Қызметтік тұрғын үй жекешелендіруге жатпайтын әскери қалашықтардың, шекара заставаларының және басқа да жабық объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 95 қаулысы;

2) «Қызметтік тұрғынжайларды күтіп-ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелердің және өзге де жабық объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 96 қаулысы;

3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 259 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің 18 және 19-тармақтары;

4) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдерін, мекемелерін және әскери оқу орындарын жиһазбен және казармалық мүкәммалмен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 шілдедегі № 937 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 548 ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген Үкіметтің кейбір шешімдерінің 3 және 4 тармақтары;

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға