Жаңалықтар

Үкіметте отандық машина жасау саласындағы мәселелер қаралды

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті
Үкіметте отандық машина жасау саласындағы мәселелер қаралды
Фото: Үкімет 04.11.2022 21:13 1091

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте машина жасауды дамытудың өзекті мәселелері қаралды. Кеңеске мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен салалық кәсіпорындардың басшылары қатысты, деп хабарлайды El.kz

Кеңес барысында машина жасау саласын дамытудың кешенді жоспарын және вагон жасауды дамыту жөніндегі жол картасын әзірлеу, сондай-ақ жергілікті қамтуды дамыту және әлеуметтік үшжақты әріптестік жөніндегі салалық комиссияның жұмысының тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Премьер-Министр саланы қолдау жөніндегі бастамаларды мақұлдады.

Ол жергілікті қамтуды дамытуды нарықтық құралдар: оффтейк және офсеттік келісімшарттар есебінен ынталандыру қажет екенін атап өтті.

Бұдан басқа, ғылыми-өнеркәсіптік кластерлерді құру, машина жасау кәсіпорындарын шикізатпен, қолжетімді кредиттік ресурстармен және басқа да ынталандыру шараларымен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Әлихан Смайылов мемлекеттік органдарға оларды егжей-тегжейлі пысықтауды тапсырды.

«Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ басшысы Мейрам Пішембаев, «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ басшысы Теміржан Әбдірахманов, «Қазэнергокабель» АҚ басшысы Владимир Бобров, «Атыраумұнаймаш» ЖШС басшысы Темірлан Даркембаев, «ЗИКСТО» АҚ басшысы Ренат Шамсутдинов баяндама жасады.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министр барлық айтылған мәселелер бақылауға алынатынын атап өтті.

«Біз сіздермен үнемі кездесіп тұрамыз. Ара-тұра жаңа мәселелер туындап жатады: олардың кейбірі бойынша бірден шешім қабылдасақ, басқалары нормативтік-құқықтық өзгерістерді қажет етеді. Бірқатар проблемалар бойынша егжей-тегжейлі зерттеу жүргізу қажет. Біз осы мәселелерді өзара бірлесіп шешуге тырысамыз» , — деді Әлихан Смайылов отандық машина жасаушыларға қарата айтқан сөзінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға