Жаңалықтар

Үкіметте Оңтүстік Кореяның энергетикалық компания басшылығымен кездесу өтті

Үкіметте Оңтүстік Кореяның энергетикалық компания басшылығымен кездесу өтті
Фото: primeminister.kz 22.10.2023 12:34 544

Үкіметте ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Doosan Enerbility компаниясының атқарушы вице-президенті Чон Гван Кимнің кездесуі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында ынтымақтастықтың ықтимал перспективалары талқыланды.

Атап айтқанда, Doosan Enerbility компаниясы Қазақстандағы энергетикалық мәселелерді экологиялық таза технологиялар арқылы шешудің нұсқаларын ұсынды. Компанияның стансалар салуда және озық технологиялар мен жабдықтарды қолдануда үлкен тәжірибесі бар екені айтылды.

Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға