Жаңалықтар

Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысы талқыланды

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті
Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысы талқыланды
Фото: Үкімет 17.01.2023 13:54 1292

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жұмыс тобы аясында Ұлттық экономика министрлігінің Салық және Бюджет кодекстерінің жобасының әзірлеу барысы туралы мәліметі тыңдады.

Ерұлан Жамаубаев Ұлттық экономика министрлігіне бірлескен мүдделі мемлекеттік органдармен және «Атамекен»  ҰКП-мен бірлесіп, қолданыстағы салықтық жеңілдіктер мен преференцияларды экономика секторлары, оның ішінде банк секторы жағдайында олардың тиімділігі тұрғысынан талдауды, ақпан айының бірінші онкүндігінде талқылау үшін Салық және Бюджет кодекстері жобасының тұжырымдамалық мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Сондай-ақ Ерұлан Жамаубаевқа «Ұлттық қор – балаларға»  жобасының жүзеге асырылуы туралы баяндалды. Бүгінгі таңда мүдделі мемлекеттік органдар тиісті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге кірісті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға