Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті
Фото: Үкімет
Фото: Үкімет
04.02.2023 13:04
917
Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Энергетика министрлігінің, «Самұрық-Қазына», «ҚазМұнайГаз» және «QazaqGaz» ұлттық компаниялары басшыларының қатысуымен жаңа кен орындарын барлау және игеру, қайта өңдеу және газ химиясы салаларындағы жобаларды іске асыру жөніндегі жоспарлар, сондай-ақ жалпы, газ саласын дамытуды ынталандыру жөніндегі шаралар талқыланды.
Бұдан басқа, жұмыс істеп тұрған кен орындарының ағымдағы өндірістік балансы және перспективті учаскелердің әлеуетті қуаты қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министр бірқатар нақты тапсырма берді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ауыл мәселесін биік мінберлерде ашық айтатын уақыт жетті
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті