Жаңалықтар

Үкіметке осы жолы сайдың тасындай министрлер жиналды - Мәулен Әшімбаев

Үкіметке осы жолы сайдың тасындай министрлер жиналды - Мәулен Әшімбаев
Фото: gov.kz 07.09.2023 12:02 1471

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Үкіметтегі кадрлық өзгерістерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

 Бұл сұрақты маған емес, мемлекет басшысына қою керек. Үкіметтің құрамы осы жолы  сайдың тасындай іріктеліп алынған. Президент қойған экономикалық реформаларды жүзеге асыра алады деп ойлаймын, - деді ол. 

Cенат төрағасынан журналистер «жұмыссыз қалған министрлер» туралы сұрады.

Бұрынғы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жұмысынан түсіп қалды» деген дұрыс баға емес шығар. Ол Ақмола облысының әкімі болып тағайындалғанын білесіздер. Үлкен сенім, ертең Ақмола облысында көптеген бастаманы жүзеге асыратынына сенемін. Білікті, білімді басшы. Облыста да көп нәрселер жасалды. Реттелуі тиіс жұмыстар да бар.Сол себепті облыстың дамуы үшін еңбегін сіңіреді деп сенеміз. Бұл – бірінші мәселе. екінші мәселе – Асхат Оралов пен Дархан Қыдырәліні айтып жатырсыздар. Қазір бір нәрсеге байыппен қарауымыз керек. Реформа жүріп жатыр. Жаңа министрліктер жасақталуда. Мәдениет және ақпарат, Су ресурстары министрлігі құрылды. Ондай кезеңде бір адамдардың кетіп, орнына басқалардың келуі – заңды процесс, - дейді спикер.

Ол реформа болған жерде өзгеріс те болады деп отыр. Олардың еліміздің бизнес, қоғамдық өмір саласын дамытуға үлес қосып, еліміздің өркендеуі жолында еткен еңбектерін жалғастыра беруіне мүмкіндіктері бар деп санайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға