Үкімет тағы екі АЭС станциясын салатын жерді анықтайды - премьер-министр
Фото: © Freepik.com
Фото: © Freepik.com
28.01.2025 11:18
676
Үкімет тағы екі АЭС салатын орындарын анықтауға дайындалып жатыр. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жақын арада Алматы облысындағы алғашқы АЭС құрылысына қажетті келісімдер жасаймыз. Оған қоса екінші және үшінші атом электр станцияларын салуға мүмкін аймақтарды анықтау бойынша талдау аяқталып жатыр, – деді Бектенов.
Бұған дейін ел Президенті алғашқы станциядан кейін елде тағы екі атом электр станциясы салынуы мүмкін екенін айтқан еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Былтыр ел экономикасы 4,8 пайызға өсті – Бектенов