Жаңалықтар

Үкімет Шығармашылық индустрияны дамыту тұжырымдамасын бекітті

Үкімет Шығармашылық индустрияны дамыту тұжырымдамасын бекітті
Фото: © ОКҚ 06.10.2023 15:35 910

Үкімет 2021-2025 жылдарға арналған Шығармашылық индустрияны дамыту тұжырымдамасын бекітіп, оны жүзеге асырып жатыр. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева баяндады, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі.

Аида Балаеваның айтуынша, оған қатысты қызметтің 43 түрі белгіленді. Нәтижесінде еліміз бойынша 95 мың адам жұмыспен қамтылып, 32 мың кәсіпкердің жұмысы жанданды.

Жақында шығармашылық жобалардың питчингтері, соның ішінде оқу семинарлары өткізілді. Оған 200-ден астам адам қатысты. Білім беру, сәулет және қала құрылысы, ІТ салаларда 5-тен астам жоба қаржыландырылды, 70 млн теңгеден астам жеке инвестиция тартылды, - деді ол.

Қазір бұл индустрияның әлемдік нарықтағы көлемі 104,2 млрд долларға бағаланады, ал шығармашылық салалардың капиталдануы 2 трлн доллардан асады. Жыл сайын көрсеткіш тағы 15%-ға өсуде.

Мәдениет және ақпарат министрінің сөзінше, креативті индустрия мәселелері бойынша заңнаманы өзгерту тәсілдері талқыланып жатыр.

Қазіргі уақытта сарапшылар қауымдастығымен және индустрия өкілдерімен бірлесіп креативті индустрия мәселелері жөніндегі заңнаманы өзгерту тәсілдері талқылануда. Онда авторлық құқық пен зияткерлік меншікті қорғау, креативті индустрия қайраткерлерін қолдау шаралары мен преференциялар, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қосымша құзыреттерін қосуды көздейтін бірқатар новелла қарастырылған, - деді Аида Ғалымқызы.

Министрдің айтуынша, креативті хабтардың тиімді жұмысын құру үшін ел өңірлерінде креативті индустрияны қолдау жөніндегі шаралар мен қолда бар инфрақұрылым туралы қажетті ақпарат жиналуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында әрбір облыс орталығында және ірі қалада креативті индустрия орталықтарын құру қажеттігін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға