Үкімет Семейдегі желілерді жаңғыртуға 16,3 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

Үкімет Семей қаласының желілерін жаңғыртуға 16,3 млрд теңгеден астам қаржы бөлді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды.
Семей қаласының жылу желілерінің ұзындығы 322 шақырым, оның 68%-ы тозған. Кей бөліктердегі жылу желілері 100% тозған (1966 жылы іске қосылған).
Оқи отырыңыз:
- Петропавлда мектеп мұғалімі оқушылар арасында діни үгіт-насихат жүргізген
- Қазақ файтері Дамир Ысмағұлов UFC-мен келісімшартын аяқтады
Өткен жылыту маусымында қала желілерінде 337 апатты жағдай орын алды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 21%-ға артық.
Семей қаласын жылыту маусымында сапалы қызметпен қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту, жылыту маусымының үздіксіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі жылу желілерінің тозығы жеткен бөліктерін анықтады, жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп, жөндеу жұмыстарын жүргізуге сараптамадан оң қорытынды алды.
Үкімет резервінен бөлінген қаржыға Семей қаласындағы желілік сорғыларды ауыстыра отырып, 1-ЖЭО-дан 1, 2, 3, 4 павильондарға дейін 5,8 шақырым магистралдық жылу желілерін күрделі жөндеуге бағытталады.
