Үкімет қосымша құн салығының шегін 15 млн теңгеге дейін төмендетуді ұсынды
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
28.01.2025 12:16
360
Үкімет қосымша құн салығын төлейтін компанияларды тіркеуге алудың шегін 15 млн теңгеге дейін төмендетуді ұсынды. Қазір бұл 78 млн теңгені құрайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы бүгін вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты.
Оның айтуынша, елімізде тіркелген 2,3 млн салық төлеушінің 137 мыңы ғана қосымша құн салығын төлейді.
Бұл жалпы салық төлеушілердің тек алты пайызы ғана. Оның бірден-бір себебі – қосымша құн салығын төлеудің шегі өте биік, 78 млн теңге. Сондықтан бірінші кезекте біз осы шекті 15 млн теңгеге дейін төмендетуді ұсынамыз, - деді Серік Жұманғарин.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға