Жаңалықтар

Үкімет экономикалық патриотизм қағидатын қатаң ұстанады – Олжас Бектенов

Үкімет экономикалық патриотизм қағидатын қатаң ұстанады – Олжас Бектенов
Фото: Үкімет 13.08.2024 12:30 439

Үкімет экономикалық патриотизм қағидатын қатаң ұстанады. Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет экономикалық патриотизм қағидатын қатаң ұстанады. Біз қашанда өзіміздің отандық өндірушілерді қолдайтын боламыз. Бұл – әрбір әкімнің, әрбір министрдің міндеті. Біз бұл жайлы үнемі айтып жүреміз. Ол тек сөз жүзінде ғана емес, нақты іс жүзінде орындалуға тиіс, – деді Олжас Бектенов.

Оның айтуынша, кәсіпорындардың қызметіне мониторинг жүргізу салық және кеден қызметтері, еңбек инспекциялары мен басқа да мекемелер тарапынан бақылау жасалатын цифрлық скрининг негізінде жүзеге асырылатын болады.

Мұндай скрининг сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін онлайн форматта өтеді. Жалпы үйлестіруді Өнеркәсіп министрлігі жүзеге асырады. Үкімет экономикалық патриотизм қағидатын қатаң ұстанады. Біз қашанда өзіміздің отандық өндірушілерді қолдайтын боламыз. Бұл – әрбір әкімнің, әрбір министрдің міндеті. Біз бұл жайлы үнемі айтып жүреміз. Ол тек сөз жүзінде ғана емес, нақты іс жүзінде орындалуға тиіс, - деді Үкімет басшысы.

Ол импортты алмастыру жұмыстарын, оның ішінде офтейк-келісімшарттар арқылы жандандыра түсу қажеттігін баса айтты.

Бұл отандық компанияларға өздерін алдағы бірнеше жылдар бойына тапсырыстармен қамтамасыз етуге, жаңа өндірістерді кеңейтуге және игеруге мүмкіндік береді. Мемлекеттік сатып алу шеңберінде тек қана жергілікті өндірушілерден сатып алынатын отандық тауарлардың тізбесі айқындалды. Ірі мұнай-газ жобаларындағы негізгі жер қойнауын пайдаланушылар қазірдің өзінде отандық тауар өндірушілермен жалпы құны 240 млн долларға жететін келісімшарттарға қол қойды. Бұл жұмысты жалғастыратын боламыз, – деді Олжас Бектенов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға