Жаңалықтар

Үкімет басшысы Жамбыл облысында ірі тау-кен металлургия комбинатын салу мәселелерін талқылады

Үкімет басшысы Жамбыл облысында ірі тау-кен металлургия комбинатын салу мәселелерін талқылады
Фото: primeminister.kz 05.10.2023 20:52 666

Премьер-министр Әлихан Смайылов пен Monterra Group компаниясының өкілі Иоганн Штоль Жамбыл облысында ірі тау-кен металлургия комбинатын салу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында жобаның техникалық құжаттамасын әзірлеу, инфрақұрылым салу, кейін жұмысқа орналасуын қамтамасыз ете отырып, жергілікті тұрғындар арасынан жас мамандар даярлау, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаны сақтау шараларын жүргізу мәселелері талқыланды.

Жобаны 2026-2029 жылдар аралығында үш кезең бойынша іске асыру жоспарланып отыр. Ең жоғары қуатқа жеткеннен кейін кәсіпорын жылына 5 млн тоннаға жуық алтын кенін өндіріп, өңдей алады. Жобаға 832 млрд теңгеге дейін тікелей шетелдік инвестиция тартылады деп күтілуде. Нәтижесінде 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Заманауи еуропалық өңдеу технологиялары қолданылатын зауыт республикадағы ең жоғары технологиялық зауыттардың біріне айналады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға