Жаңалықтар

Үкімет басшысы ТЖМ қызметкерлеріне алғыс білдірді

Үкімет басшысы ТЖМ қызметкерлеріне алғыс білдірді
Фото: gov.kz 28.02.2023 10:42 1078

Өңірлердің су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралып жатқан Үкіметтің кезекті отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Түркиядағы құтқару жұмыстарына атсалысқан еліміздің ТЖМ қызметкерлеріне алғыс білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Ең алдымен, бауырлас Түркия Республикасына барып, жер сілкінісінен зардап шеккен адамдарды құтқаруға атсалысқан Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлеріне шынайы алғысымызды білдіреміз. Біздің мамандарымыз кәсібиліктің жоғары деңгейін көрсетті, бастарын қатерге тігіп, мәртебелі міндетті абыроймен орындады», - деді Үкімет басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға