Үкімет басшысы Қарағандыда қаза болған кеншілердің отбасымен кездеседі

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz
19.08.2023 11:19
992
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Қарағанды облысына барып, «Қазақстан» шахтасында апат салдарынан қаза тапқан шахтерлердің отбасы мүшелерімен кездеседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар, Ә.Смайылов әкімдік пен орталық мемлекеттік органдар басшылығымен жедел кеңес өткізбек.
Шахтинск қаласында Премьер-Министр бірінші кезекте кеншілердің бірі – Артур Халиковтың анасымен және жұбайымен сөйлесті, кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Сонымен қатар Әлихан Смайылов өткен жылдың қараша айында Ленин атындағы шахтада қаза тапқан Арман Қашкейдің жұбайымен кездесті.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Ақтөбеде ер адам тереңдігі 3 метрге жуық құдыққа құлап кетті