Жаңалықтар

Үкімет басшысы Президент сайлауында дауыс берді

Оның айтуынша, қазақстандықтар сайлауда өзі сенетін, мықты кандидатты таңдауы тиіс
Үкімет басшысы Президент сайлауында дауыс берді
Фото: El.kz 20.11.2022 08:21 1798

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов сайлауда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды  El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Үкімет басшысы елордадағы №111 сайлау учаскесінде дауыс берді.

«Бүгін еліміз үшін өте маңызды күн. ҚР Президентінің сайлауы. Бүгінгі күн еліміздің алдағы 7 жылдағы даму бағытын айқындайды. Сондықтан әр азамат сайлауда дауыс бергені дұрыс. Егер біз еліміз одан әрі өсіп, өркендей берсін десек, онда барлығымыз азаматтық белсенділік танытуымыз керек. Дауыс берушілер Мемлекет басшысы болуға лайықты кандидатты өздері таңдайды», - деді Әлихан Смайылов БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап бере тұрып.

Оның айтуынша, қазақстандықтар сайлауда өзі сенетін, мықты кандидатты таңдауы тиіс.

«Мен өз таңдауымды жасадым. Барлық азаматтарды өз дауысын беріп, сайлауға белсене қатысуға шақырамын», - дейді ол.

Бұған дейін аталған сайлау учаскеде мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин  дауыс берген еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға