Жаңалықтар

Үкімет басшысы 2023 жылы «Бірыңғай терезе» жобасын іске қосуды тапсырды

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті
Үкімет басшысы 2023 жылы «Бірыңғай терезе» жобасын іске қосуды тапсырды
Фото: Үкімет 15.12.2022 10:47 1417

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің отырысында өңірлерді инновациялық дамыту және ұлттық инновациялық жүйенің «Бірыңғай терезесін» құру мәселелері қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Өңірлердің технологиялық белсенділігін және экономиканы дамытудағы IT-сектордың үлесін арттыру үшін күш-жігерді облыстық инновациялық алаңдар мен бизнес-инкубаторларды қажетті деңгейде қолдауға шоғырландыру жоспарланып отыр. Бұл, әдетте жұмыс орындарын жалға алу, оқыту және кеңес беру қызметтеріне қатысты.

Премьер-Министр бұл бағытты, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға бөлетін қаражаты есебінен қаржыландыру қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар отырыста ұлттық инновациялық жүйенің «Бірыңғай терезе» жобасын іске асыру жөніндегі жоспар қаралды, бұл тақырыптық жобаларды мемлекеттік қолдау шаралары жиналатын Еgov үлгісі бойынша цифрлық платформаны іске қосуды көздейді. Оған қоса, жүйе сала қатысушыларына мониторинг жүргізу, қызметтерге тапсырыс беру, шарттар жасасу және т. б. қызметтер бойынша бір-бірімен өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді: мониторинг жүргізу, қызметтерге тапсырыс беру, шарттар жасасу және т. б.

Премьер-Министр бұл тәсілдерді қолдап, жобаны 2023 жылдың жазында пилоттық режимде іске қосуды тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға