Жаңалықтар

Үкілі бала Ерболсын қазір қайда жүр?

Үкілі бала Ерболсын қазір қайда жүр?
Фото: видеодан кадр 09.10.2023 18:09 1831

Үкілі бала Ерболсын Stan.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында Мәскеу қаласына көшіп кеткені жайлы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазір Мәскеу қаласында тұрып жатырмын, көшіп барғаныма 3 ай болды. Жұмысым сол жақта. Уақытша немесе толықтай қоныс аудардым деп мүлде айта алмаймын. Өйткені әзірге мен Ресейде жұмыс бабымен жүрмін. Ол қызметімнің қанша уақытқа дейін созылатынын білмеймін, - деді ол.

Оқи отырыңыз:

Ерболсын Серікбаев шет мемлекеттен өз ортамды тапқандаймын дейді.

Мәскеуге барған кезімде Орталық Азияға танымал Ванга, Джуна туралы өте көп ақпарат оқыдым.  Содан мен отырып алып «Орталық Азияда әлемге танымал болған қазақтың қатарына қосылатындай Алла Тағалам маған абырой бере гөрші» деп Ресейде емді бастадым. Ол жақта халықтың махаббаты тез ашылып кетті. Бір жылдың ішінде үйімді де, көлігімді де тегін беріп, жұмысыма жағдай жасады. Сондықтан жұмысымыз әрі қарай Ресей, Румыния, Молдова мемлекетінде өз жалғасын табуда. Жұмысымды істеймін, нәтижеге қарай нәпақам өзіме түсіп жатыр. Қазір қомақты қаражат осыдан түседі деп қарап отырған жоқпыз, - деді Үкілі бала.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға