UFC қазақстандық Мария Агапованың келесі жекпе-жегін бекітті
Спортшы АҚШ-тағы Техас штаты, Далласта UFC 277 турнирінде өнер көрсетеді.
24.06.2022 07:54
1209
UFC-де өнер көрсететін қазақстандық Мария Агапова ресми түрде американдық промоушенде бесінші жекпе-жегін өткізетін болды, деп хабарлайды El.kz.
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Агапованың алдағы жекпе-жегі туралы хабарлама Instagram UFC Russia парақшасында жарияланды.
Спортшы АҚШ-тағы Техас штаты, Далласта UFC 277 турнирінде өнер көрсетеді. Агапованың қарсыласы - Оңтүстік Корея тумасы Джи Йон Ким.
Кореялық спортшы UFC-де сегіз жекпе-жек өткізген, оның үшеуі - жеңіс, бесеуі - жеңіліс.
Қазақстан америкалық промоушенде төрт жекпе-жекте өткізді, оның екеуінде жеңіске жетсе, тағы екеуінде жеңіліс тапқан болатын.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Бір айда 85 рет ереже бұзған жүргізуші ұсталды