UFC-ден кеткен Жалғас Жұмағұлов мәлімдеме жасады

Фото: instagram.com/zhumagulov_zhalgas
Фото: instagram.com/zhumagulov_zhalgas
26.07.2023 11:58
1014
Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (14-9) UFC ұйымымен келісімшарты аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды, Еl.kz ақпарат агенттігі.
Джексонвиллде өткен UFC Fight Night турниріндегі кейінгі жекпе-жегінде Жалғас төрешілер шешімі бойынша америкалық Джошуа Ваннан (8-1) жеңіліп қалды.
Оқи отырыңыз:
- Француз тілінде Рахмоновқа арналған рэп шықты
- Жарықсыз қалғандарына ашынған Қонаев тұрғындары жолды жауып тастаған
Менде бәрі жақсы. Жарақатым жазылды. Жақында жаттығуға қайта кірісемін. UFC-мен келісімшартым аяқталды. Ұсыныстар көп, бірақ мен тек қазақстандық NFC лигасында, өзіміздің жанкүйерлер үшін ғана өнер көрсеткім келеді. Қазан немесе қараша айында жекпе-жекке шығуға дайынмын,- деп жазды Жұмағұлов Instagram желісіндегі парақшасында.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Астанада 320 жаңа автобус жүреді
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті