Жаңалықтар

UFC-дегі жыл жекпе-жегі анықталды

UFC-дегі жыл жекпе-жегі анықталды
Фото: USA Today Sports 15.12.2023 13:18 844

Ресейлік Ислам Махачев пен австралиялық Александр Волкановски арасындағы алғашқы кездесу 2023 жылдың үздік жекпе-жегі атанды. Бұл туралы World MMA Awards‑2023 байқауында белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған айқас UFC 284 турнирі аясында 12 ақпанда Перте қаласында (Австралия) өтті. UFC-де жеңіл салмақтағы чемпион Ислам Махачев төрешілердің ортақ шешімімен жартылай жеңіл салмақта жеңімпаз атанды.

Спортшылардың екінші кездесуі 21 қазанда Абу-Дабиде өтті. Негізі Махачев бұл жолы бразилиялық Чарльз Оливейрамен өзара кім мықтыны анықтауы керек еді, дегенмен бразилиялық бас тартып, оның орнын Волкановски басты. Сөйтіп бірінші раундта ол ресейліктен нокаутпен жеңілді.  

«Жыл спортшысы» атағын UFC-дегі жартылай орта салмақ өкілі Леон Эдвардс иеленсе, әйелдер арасында аса жеңіл салмақтағы Алекса Грассо үздік шықты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға