UFC: Асу Алмабаев үздік 20-ның қатарына енді
![UFC: Асу Алмабаев үздік 20-ның қатарына енді UFC: Асу Алмабаев үздік 20-ның қатарына енді](/storage/storage/element/2023/08/09/mainphoto/63065/1200xauto_RM64dhPhz6tnDoNrEwHCJ1ro65XxZRNt6gcC9HvN.png)
Фото: instagram.com/asu_zulfikar57
Фото: instagram.com/asu_zulfikar57
09.08.2023 14:16
932
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC-дегі жарқын жеңісінен соң жеңіл салмақтағы 20 үздік спортшының қатарына енді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Мұндай қорытындыны Fightmatrix сайты жасап отыр.
Асу UFC-дегі алғашқы айқасында ямайкалық Одди Осборнды қылқындыру әдісімен жеңді. Осыдан соң ол рейтингте 19-орынға көтерілді.
29 жастағы қазақстандық спортшы Расул Албасханов (АСА), Мансур Малачиев (ONE), Бруно Сильва (UFC), Имран Букуев (АСА), Мет Шнель мен Стив Ерцегті (UFC) жеңді.
Естеріңізге сала кетейік, «Зульфиқардың» жекпе-жегі UFC on ESPN 50 аясында 6 тамызда Нэшвиллде өтті. 8 тамызда спортшы елге оралды.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев Екібастұздың жылыту маусымына дайындығын тексерді
Келесі жаңалық
Қытайда зымыран тасымалдаушы жарылды