Жаңалықтар

ҮЕҰ-ға арналған гранттар беру байқауы басталды

ҮЕҰ-ға арналған гранттар беру байқауы басталды
Фото: Pixabay.com 18.02.2025 12:45 376

Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Бірыңғай грант операторы 2025 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарға грант беру байқауын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік мәліметінше, байқаудың мақсаты – азаматтық бастамаларды қолдау және азаматтық қоғам институттарын әлеуметтік саладағы өзекті мәселелерді шешуге тарту.

Байқау аясында ҮЕҰ бірнеше басым бағыт бойынша жобаларды ұсына алады:

- Инклюзивті қоғамды дамыту;

- Ауылдағы азаматтық бастамаларды дамыту;

- Азаматтардың құқықтарын қорғау және қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыру жөніндегі шаралар мен іс-шараларды ұйымдастыру;

- Төтенше жағдайлардағы және ТЖ салдарын жоюдағы волонтерлікті дамыту;

- «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық волонтерлікті дамыту;

- Медицина саласындағы волонтерлікті дамыту;

- Тарих және мәдениет саласындағы волонтерлікті дамыту;

- Әлеуметтік волонтерлікті дамыту;

- Зооволонтерлікті дамыту.

Толық ақпарат пен құжаттаманы cisc.kz сайтынан қарауға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға