ҰЭМ басшысы Халықаралық рейтингтік агенттіктердің өкілдерімен кездесті
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
16.10.2023 04:31
550
Мароккоға жұмыс сапары барысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Standard&Poor's, Moody's және Fitch басшылығымен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министр елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен перспективалары, сондай-ақ тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған реформалар туралы айтып берді. Сондай-ақ жүргізіліп жатқан фискалдық саясат, оның ішінде жаңа Салық және Бюджет кодекстерінің негізгі тәсілдері туралы сөз қозғалды.
Бұдан басқа, инвестициялық ахуалды және бизнес-процестерді жақсарту жөніндегі шаралар қаралды. Кездесуге қатысушылар әлемдік экономикадағы ағымдағы ахуалды да талқылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ЖЭК іскерлік қоғамдастығымен ашық диалог өтті
Келесі жаңалық
Өзгенің банк картасын пайдаланған алаяқ ұсталды